Пойызы кешіккен жолаушылар нені білуі керек?

Пойызы кешіккен жолаушылар нені білуі керек?
Сурет: Elorda.info

Әр сағат үшін билет құнының 3%-і қайтарылады.

«Қазақстан темір жолы» пойыздардың кешігу себебін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көптеген пойыз кешігіп жатыр.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік үшін темір жол учаскелерінде шектеулер қойды. Компания қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.

Компания өкілінің айтуынша, вокзалдарда кешігу туралы ақпарат таратылған. 1433 анықтама қызметі арқылы пойыздардың кестесі туралы мәлімет беріліп жатыр.

Пойыз үш сағаттан артық уақыт кешіксе, смс-хабарлама жіберіледі. Құжаттарды тапсыру бойынша ақпарат мессенджері арқылы да ақпарат беріліп жатқан көрінеді.

«Пойыз бір сағаттан астам уақыт кешіксе, әр сағат үшін билет құнының 3%-ы қайтарылады. Егер пойыз 6 сағаттан астам уақыт кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.