Пойыз жүрмей қалғанда немесе кідірген кезде билетті қайтарудың шарттары

Пойыз жүрмей қалғанда немесе кідірген кезде билетті қайтарудың шарттары
Сурет: Ашық дереккөзі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару және пойыздардың кешігіп келгені үшін өтемақы төлеу ҚР-да Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Пойыз кешіккен кезде:

- 1 сағаттан кешіктірілмей жүретін пойызда жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі, бірақ жолаушылар пойызы билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгенге дейін.

- Жолаушыларға жол жүру жолында сапарлауын тоқтатқан кезде, жүріп өтпеген қашықтық үшін жол жүру құны төленеді

- Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда әрбір толық сағат үшін 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды. Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларынан алуға болады.

Жеке тасымалдаушының жолаушылар пойызымен сапарлаған  жолаушылар өтемақы алу үшін жеке тасымалдаушының әкімшілігіне жүгінуі керек.

Жолаушылар пойызын ауыстыру кезінде:

- Ауыстырылған төменгі санаттағы жолаушылар пойызында / вагонында сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленеді, жоғары санат үшін жолаушылардан қосымша ақы алынбайды.

- Ауыстырылған пойызда/вагонда жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүрудің толық құны қайтарылады.