Португалияда қызыл шарап өзен боп ақты

Португалияда қызыл шарап өзен боп ақты
Сурет: Inform.kz

Жексенбі күні Португалиядағы Анадия шағын қаласының көшелерінде қызыл шарап төгілді.

Жергілікті Levira арақ-шарап зауытына тиесілі екі цистерна жарылып, қала көшелеріне 2,2 млн литр алкоголь төгілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желіде жарияланған видеода 2000-ға жуық тұрғыны бар Анадия қаласында көше бойын жағалай қызыл шарап ағып жатқаны көрінеді.

Төгілген шараптың көптігі соншалық, онымен олимпиадалық жүзу бассейнін толтыруға болады.