Журналистер еңбектері бағаланды

Журналистер еңбектері бағаланды Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда қала күні қарсаңында журналистер мен белсенді қоғам өкілдерінің еңбектері бағаланды


Бүгін республикалық Достық үйінде Өңірлік коммуникацялар қызметі жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын қаланың дамуына ерекше үлес қосқан қалалық және республикалық БАҚ өкілдері мен белсенді қоғам өкілдерінен өтініштер қабылдау басталған болатын.


Мақсаты - Алматы қаласының дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі сюжеттер авторларын, белсенді қоғам қайраткерлерін көтермелеу.



Өтінішті қоғам қайраткерлерінің өздері, журналистер, ұйым басшылары немесе БАҚ редакторлары, сондай-ақ үміткер үшін бере алды.


Төрешілер келесі номинациялар бойынша 10 жеңімпазды анықтады:


1) Алматы туралы жазатын үздік журналист - Таңшолпан Бегалыкызы, Baribar.kz
2) Алматының ең белсенді қоғам қайраткері - Абдыхалыков Қайыржан Саясатұлы, Алматы қаласының Азаматтық Альянс төрағасы
3) Қаланың ең белсенді қоғамдық ұйымы - "Qamqor charity" қоғамдық қоры
4) Үздік алматылық блогер - Дмитрий Байназаров, Тик-Токер
5)  Алматы туралы үздік видео авторы  - Досжан Балабекұлы, «Қазақ газеттері», журналист, философ.
6) Алматының ең белсенді жастар көшбасшысы - Кайрыев Рустам Абдусаламович, «Қазақстандағы Ұйғыр жастарының одағы» РҚҚ төрағасы
7) Алматы туралы үздік телеграм-канал - Almaty Today
8) Үздік алматылық паблик – «Давай сходим»
9) Алматы өмірінен хабардар ететін үздік ақпараттық сайт - “Вечерний Алматы” сайты
10) Алматы туралы үздік  YouTube/TikTok-канал - “Алматы” телеарнасы


Жеңімпаздар алма мен қауырсын түріндегі мүсіншелермен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59