Алматы академиясының мамандары мен ардагерлері ҚАЖ қызметкерлеріне семинар өткізді

Алматы академиясының мамандары мен ардагерлері ҚАЖ қызметкерлеріне семинар өткізді Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде осы департамент Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының мамандары мен ардагерлері әдеп тақырыбында лекция-семинар өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің хабарлауынша, бірінші семинарға Заречный ауылында орналасқан мекемелердің жеке құрамы қатысып, ҚАЖД бастығының орынбасары Ж.Қосжанов лекция- семинар тақырыбының маңызы туралы атап өтті. Алматы қаласында өткен семинар кезінде ҚАЖД бастығының орынбасары Ә.Жұмадиев қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің антқа адал болудың, қоғам мен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігін терең ұғынудың әдепсіз мінез-құлықтың алдын алатынын тілге тиек етті.



«Қызметтік әдеп стандарттары құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті. Офицерлік ар-намысты биік ұстау, қызметтік міндетке адал болу Қазақстан полициясының беделін көтеруге ықпал етеді. Қазір халық пен полиция қызметкерлері арасында ашық диалог орнатуға баса көңіл бөлінуде. Бұл орайда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне де жүктелетін міндет зор», – деді өз сөзінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев.



Сондай-ақ департамент жеке құрамы және пробациялық қызмет мамандарына Алматы академиясының мамандары, заң ғылымдарының кандидаты Е.Әбілезов және профессор А.Халменов құқық қорғау қызметінің беделін арттыруға, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға ықпал ететін әдептілік тақырыбында лекция оқыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52