Қазақстандық спортшылар Жапонияға аттанады

Қазақстандық спортшылар Жапонияға аттанады
Сурет: News22.ru

Оның ішінде бокс, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, жеңіл атлетика және ату спорттарының өкілдері мен отандық спорт саласының мамандары бар.


Токио олимпиадасына қатысатын ұлттық құраманың алғашқы бөлігі бүгін кешке жолға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан делегациясының шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұлттық құраманың қалған бөлігі 27 шілдеде ұшады деп жоспарланып отыр.


 «Спортшыларымызды күтіп алып, Олимпиада қалашығына орналастыруға дайынбыз. Жаңа талаптарға сәйкес, спортшыларымыз 14 күн бойы карантиндік аумақта болады. Медицина мамандары жіті бақылайды. Бұның барлығы дайындықтың соңғы кезеңіне әсер етпейді деген үміттеміз. Токиода оларға барынша жайлы жағдай жасалған. Жататын жерлерін, тамақтанатын орындары және жаттығу жасайтын залдарын тексердік. Деңгейі алдыңғы Олимпиадалардан асып түспесе, кем емес», – деді Елсияр Қанағатов.