Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогының финалына шықты

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогының финалына шықты
Cурет: Olympic.kz

Елжан Тәниева құрсау және лентамен өнер көрсетуден финалға кезеңге шықты

Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жекелей сында Елжан Тәниева құрсау және лентамен өнер көрсетуден финалға кезеңге шықты.

Сондай-ақ, топтық жаттығуларда команда көпсайыста 7-ші болып, турнирдің екі финалына шықты.