Полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеу аяқталды

Полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеу аяқталды
Сурет: Egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.