Полиция бөлімі бастығының орынбасарына іздеу жарияланды

Полиция бөлімі бастығының орынбасарына іздеу жарияланды
Inform.kz

Ақмола облысы, Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Тұрарұлы Дүйсембинге іздеу жарияланды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Т.Т. Дүйсембиннің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы 23 маусымда Көкшетау полиция басқармасына өтініш түскен. Әйелінің сөзінше, Тұрар Дүйсембин 20 маусымда үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. ПД баспасөз қызметіндегілер Т.Т. Дүйсембин қазіргі уақытта бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін айтады.

«Өтініш түскеннен кейін бірден полиция департаменті кешенді іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, Зеренді ауданы Полиция бөлімі, Көкшетау қалалық Полиция бөлімі, Полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды», - дейді ведомстводан.

Осы ретте, Полиция қызметкерлері Т.Т. Дүйсембиннің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат ие адам болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.