Полицейлердің пысықай әрекеттері әшкере болды

Полицейлердің пысықай әрекеттері әшкере болды
Сурет: ашық дереккөз

Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың жемқорлық әрекеттерін әшкереледі. Мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алу фактісімен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деді ол.