Pfizer вакцинасын кімдер алады?

Pfizer вакцинасын кімдер алады?
Сурет: Iz.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға бұл екпені күтпей, басқа вакциналарды ала беруге кеңес берді.

Сонымен қатар министр Қазақстанда Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады», - деді Алексей Цой.