Қазақстанда Nobel Fest апталығы болады

Қазақстанда Nobel Fest апталығы болады
Сурет: Nobel-fest.inpolicy.net

Ілім ілгерілеуде.

Қазақстанға Орталық Азиядағы ғылым және білім саласындағы ең ірі іс-шара қайта оралады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің астанасында 26-29 қазан аралығында онлайн форматта Нобель фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шарада әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысады. Олар Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдеріндегі студияларға қосылып, пандемия адамзатқа қандай жаңа жаһандық трендтер әкелгенін талқыға салмақ. Жиынға барлығы 70 елден бес мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Nobel Fest техникалық директоры Батихан Қәлібеков пікірінше, бұл аса маңызды іс-шара көрінеді.

«Қазанда өтетін фестивальдің тақырыбы «Болашақ – бүгін!» деп аталғандықтан, көрермендердің алдында силикон алқабының атасы саналатын Джонатан Медвед, танымал ойшыл, тарихшы Юваль Ной Харари сынды инновация бойынша сарапшылар, ондаған Нобель сыйлығының лауреаты мен халықаралық деңгейдегі ғалымдар сөз сөйлеп, өз ойларымен бөліседі», - деді ол.