Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғаны белгілі болды

Елімізде 903 912 адам Pfizer вакцинасының I дозасын алды
13 наурыздағы мәліметтер бойынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасының I дозасын 903 912 адам, ІІ дозасын 703 362 адам салдырды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде І компонентін 748 320 жасөспірім, 34 191 жүкті әйел, 118 413 бала емізетін әйел алған. Ал ІІ компонентін 587 850 жасөспірім, 26 072 жүкті әйел, 89 372 бала емізетін әйел салдырған.