Коронавирус: 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Коронавирус: 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Cурет: Inform.kz

26 пациенттің жағдайы өте ауыр

14 наурыздағы мәлімет бойынша, 10 716 адам коронавирус инфекциясынан (9 676 КВИ+ және 1 040 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 945 пациент стационарда, 9 771 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 89 адамның жағдайы ауыр, 26 пациенттің жағдайы өте ауыр, 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.