Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды

Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды
Сурет: интернеттен

Қала әкімдігі атап өткендей, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың қарқынды еруі салдарынан жеке секторларды жаппай су басты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

"Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды", деп хабарлады Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қалада 4 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаны нақтыланады.

"Авариялық жағдайды жою және тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады", деп жазылған Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.