Атқарылмаған жұмыс үшін ақы алған

Атқарылмаған жұмыс үшін ақы алған
Сурет: almaty-akshamy.kz

Тараз әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы Зият Тұрсынұлының 75 млн теңгені қолды қылғаны анықталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Экс-шенеунік осыдан үш жыл бұрын құжаттамасы әзірленбеген 4 сметалық жоба үшін мердігерге миллиондарды заңсыз аударған. Артынша кәсіпкермен келісілген сомманы бөліске салады. Еске салсақ, бұрынғы мемлекеттік қызметші былтыр 150 млн теңге бюджет қаражатын қолды қылғаны үшін 8 жылға сотталған болатын. Енді оның жаза мерзімі тағы да ұзаруы мүмкін.

Мақсат Жетігенов, қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы:

Қылмыстық Кодекстің 189 бабы, 4 бөлігі, 2 тармағымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасыөзделген.

Биыл Түркістан облысына жыл құстары сәуір айының басында келген. Олардың қатарында шыбыншы торғай, қара торғай, қаз, үйрек, сүңгуір сынды құс түрі бар. Қанаттылардың өзен-көлге келіп, қонып жатқан көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.