Алматылықтардың 13%-ы дауыс беріп үлгерді

Алматылықтардың 13%-ы дауыс беріп үлгерді
Сурет: Referendum2022_kz

Қазақстан бойынша дауыс беретін адамдар саны Алматыда көп.

Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, қалада дауыс беру құқығына ие 1 млн 126 854 адам бар, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша халықтың 13,9%-ы референдумға өз дауыс беруге келген, яғни бұл 156 707 адам.