Алматыда бір күнде вакцинаның толық компонентін 2481 адам алды

Алматыда бір күнде вакцинаның толық компонентін 2481 адам алды
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда коронавирустан өткен тәулікте 233 адам емделіп шықты

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы 2021 жылғы 26 қазанға арналған вакциналау және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021 жылдың 25 қазан күні жағдай бойынша, коронавирустық инфекцияның 239 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 225 симптомдық белгілері бар және 14 симптомсыз.
Барлық емделіп шыққандар – 233, келіп түскені – 107.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 064 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  105.
ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 56, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 503 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 406, симптомсыз 97 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде вакцинаның 1-компонентін 1 472 адам, 2-компонетін 2 481 адам алды.
01.02.2021-25.10.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті 988 777 адам, 2-компонентті 917 723 адам салдырды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 203 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакциналау пункті жұмыс істейді. 205 вакциналау бригадасына 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды" - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.