Шымкент әкімдігі Ауғанстан босқындарын қабылдауға қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент әкімдігі Ауғанстан босқындарын қабылдауға қатысты мәлімдеме жасады
aikyn.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Шымкент қаласы әкімдігі Ауғанстан босқындарын қабылдауға қатысты мәлімдеме жасады.
«Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаламыз Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпардың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда», – делінген хабарламада.