Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Сурет: Еgemen.kz

Ерлан Қошанов Парламент отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Өкім мәтінінде.