Параспортшыларымыз Азия ойындарының алғашқы күнінде 3 жүлдеге ие болды

Параспортшыларымыз Азия ойындарының алғашқы күнінде 3 жүлдеге ие болды
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарының алғашқы күнінде ел қоржынына 3 жүлде түсті

Пара каноэдан Бибарыс Спатай 43.601 секунд нәтижесімен екінші орын иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал Максим Богатырев қола медаль жеңіп алды, оның нәтижесі 58.479 секунд.

Сондай-ақ Жаңыл Балтабаева пара каноэдан VL3 200 жекелей бағдарламасында үшінші орын иеленді. 

Айта кетейік, алғашқы екі орынға Өзбекстан мен Қытайдан келген параатлеттер тұрақтады.