Паралимпиадада тағы да 13 адамнан коронавирус шықты
Ресми өкілдердің айтуынша, вирусты жұқтыру дерегінің бәрі Паралимпиада ауылынан тыс жерлерде тіркелген.
Шараны ұйымдастырушы комитеттің мәлдімдеуінше, Токиодағы Паралимпиадада тағы 13 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Дертке шалдыққандар: волонтерлер, спорттық ойындарды өткізуге қатысты қызметкерлер және мердігерлер.
Токиодағы Паралимпиада ойындары қыркүйектің 5-де аяқталады. Ауқымды шараға 4 жарым мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.