Пандемиядан кейін әлем бойынша жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар науқастар саны артқан

Пандемиядан кейін әлем бойынша жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар науқастар саны артқан
Cурет: Tonus.nnov.ru

Қазір психиатр мамандарға жүгінетіндер көбейген.

Түркістанда өткен ғылыми-практикалық конференцияға жиналған мамандар осылай деді. Халықаралық шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі мен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлемдік психиатрлар қауымдастығы мен бірнеше елдің мамандары 3 күн бойы өз ойын ортаға салды. Сала мамандарының мәліметінше, психикаға кері әсер ететін факторлар көшін ішімдікке тәуелділік бастап тұр. Одан кейінгі орындарда есірткі мен темекіге тәуелділік бар. Бұл, әсіресе, 30 жасқа дейінгі азаматтар арасында жиі кездеседі. Дәрігерлер электронды темекі мен қорқордың да әсері зор екенін айтып, дабыл қағуда. Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар арасында да жүйке аурулары аз емес. Дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, дұрыс емдеу жолдарын талқылады.