Пандемия басталғалы жер бетінде 560 млн-ға жуық адам инфекция жұқтырды

Пандемия басталғалы жер бетінде 560 млн-ға жуық адам инфекция жұқтырды
сурет: Gazeta.ru

Жұқтыру бойынша көшбасшы елдердің үштігі аталды

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирусты жұқтырудың 559 469 605 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, к оронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 361 157 адамды құрайды. 

«Жұқтыру бойынша көшбасшы елдердің үштігіне мыналар кіреді: АҚШ - 88 027 926, Үндістан - 43 767 534, Бразилия - 33 076 779 адам», - деп жазды комиссия.