Өңірлер жасыл және сары аймаққа өткенде қандай карантин шаралары енгізіледі

Өңірлер жасыл және сары аймаққа өткенде қандай карантин шаралары енгізіледі
сурет: Inform.kz

Аймақтық ерекшеліктер аталды

Бүгін коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия отырысында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы қайта қаралды. Ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары өзгереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
Оған сәйкес, өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылады. Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда: - науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; - COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған вирусқа қарсы екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; - білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізбеу (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі); - объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.