ВАК қазақстандықтарға көпшілік орында және көлікте қайтадан маска тағуды ұсынды

ВАК қазақстандықтарға көпшілік орында және көлікте қайтадан маска тағуды ұсынды
сурет: 24.kz

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия халыққа кісі көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Мына орындарда медициналық маска тағуға кеңес беріледі: 
- халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар); 
- ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).