Халық наразылыққа шықты

Халық наразылыққа шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Пәкістанда бұрынғы Премьер-министр Имран Хан тұтқындалды

Пәкістанда сейсенбі күні ұсталған бұрынғы Премьер-министр Имран Ханның жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Наразылық бүкіл елге жайылып, Белуджистан провинциясында кемінде бір адам өлтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жұма күні Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен елде ұялы байланыс өшірілген еді. Хан сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап беру үшін Исламабад жоғары сотына келген кезінде ұсталған болатын.

Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. «Әділеттікке қозғалыс» партиясы жариялаған бейнеүндеуіне ол бәріне дайын екенін мәлімдеді.

Былтыр сәуірде биліктен шеттетілгенінен бері Ханға қарсы жүздеген іс қозғалды. Оған қарсы тағылған айыптар арасында жемқорлық, терроризм және тіпті құдайға тіл тигізу бар.