Пәкістан курсанттары Қазақстанда болып қайтты

Пәкістан курсанттары Қазақстанда болып қайтты
Сурет: Gov.kz

Пәкістандық әскери қызметшілер мұндай сапарларға өңірмен, әскери оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысу және байланыс орнату мақсатында Орталық Азия елдері бойынша жыл сайынғы тур шеңберінде шығады. 

Шетелдік делегацияның басшысы әскери колледж кафедрасының бастығы бригадалық генерал Васим Куасир мұндай кездесулер танымдық және практикалық тұрғыдан пайдалы әрі курсанттарға тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігі деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Пәкістандық курсанттар ҚР Қорғаныс министрлігінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінде тұрып, арнайы даярлық сыныптарын, ұландар үйренетін қару-жарақ пен әскери техниканы тамашалады. 

Қонақтар сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы кітапханаға, мұражайға, барды. Бұл ретте олар волейбол, шахмат және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінде қазақстандық құрдастарымен бәсекелесу мүмкіндігін де жіберген жоқ. 

Пәкістаннан келген делегация мүшелері Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барып, Қазақстан Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің залдарына экскурсия жасады.

Бұл сапар жайлы курсанттардың елорданың көрікті жерлерінде түскен фотолары мен Қазақстанның рәміздері бар кәдесыйлар еске түсіріп тұратын болады.