«Ойыннан от шығар»

«Ойыннан от шығар»
Сурет: 24.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуары тағы бір жаңа қойылыммен толықты

Американың белгілі драматургы Дональд Кобурнның әйгілі жалғыз пьесасын Ермек Аманшаев аударған. Ал оны сахналаған режиссер - Алма Кәкішева, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ойыннан от шығар» траги-комедисының оқиғасы қарттар үйінде өрбиді. Тағдыр тәлкегімен осында тұрып жатқан Веллер Мартин мен Фонсия Дорсидің әрқайсысында бір басына жетерлік қасіреті бар. Ал, олардың қазіргі ортақ ермегі карта ойнау. Джин ойынынан алдына жан салмаған Веллер Фонсиядан бірнеше рет оңбай ұтылады. Бұл оның ашуын туғызып, тыныштығынан айырады. Драма шиеленіскен сайын, кейіпкерлердің жан жарасы да тереңдей түседі.

«Әрқайсымыздың бір эгоизм эголарымыз өзімшілдігіміз бірақ біз оны көрмейміз де содан осындай бір нешетүрлі катастрофаларға ұшыраймыз. Ішкі психологический. Осы жөнінен келгенде бұл спектакль  өзекті. Өте өмірге қазір тіпті қажет деп ойлаймын. Өйтекен себебі, адамдар енді өзі кім екеніне бет бұрып қарау керек», - дейді режиссер Алма Кәкішева.

Пьеса осыдан 12 жыл бұрын «Жынойнақ» деген атаумен сахналанған. Ол кезде кейіпкерлерді аға буын актерлер ойнаған еді. Жаңа нұсқада Веллердің ролін актер Асылбек Боранбай, Фонсияны жас актриса Жанаргүл Жанаманова сомдайды. Қойылымда тек екі кейіпкер болса да еш жалықтырмайды. Көрерменді бір күлдіріп, бір мұңайтқан актерлар сүйсіндірді, сендірді.

«Ойыннан от шығар» трагикомедиясын актерлар екі құрамда ойнайды. Екінші құрамда Веллердің ролін Ғани Құлжанов, Фонсияны Нұржан Бексұлтанова сомдайды.