Алатау ауданында жыл соңына дейін 5 жаңа мектеп ашылады

Алатау ауданында жыл соңына дейін 5 жаңа мектеп ашылады
Сурет: Kstnews.kz

Екі мемлекеттік колледж салу жоспарлануда.

Қазір Алатау ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы бойынша Алматы қаласында бірінші орында, 8 000-ға жуық орын керек. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының халқымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1 қыркүйекте "Саялы", "Томирис" және "Рахат-Мәдениет" шағынаудандарында 4800 орындық 3 жаңа мектеп ашылды.

"Нұркент" пен "Дархан" шағынаудандарында 3000 орындық 2 мектеп осы оқу жылының II тоқсанының басында ашылады.

Қосымша "Саялы-2", "Зерделі" және "Самғау" шағынаудандарында 2600 орындық 3 жаңа мектеп салынып жатыр.

Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарлануда.

380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж салу үшін мердігер ұйымды анықтауға байқау өткізіледі.

2023 жылдың I тоқсанында индустриялық аймақта инновациялық технологиялар колледжінің құрылысы басталады.