Алматыда екі ұрлық бейнекамера көмегімен анықталды

Алматыда екі ұрлық бейнекамера көмегімен анықталды Сурет: Polisia.kz

Бірінші жағдайда жанармай құю бекеттерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінді.


Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін клиент ретінде көрсетіп, жасырын түрде сауда-материалдық құндылықтарын ұрлаған. Екінші арыз – қоғамдық көліктегі ұялы телефон ұрлығы туралы. 121-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Екі қылмыс та бейнебақылауға түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Текелі қаласының тұрғыны 21 жастағы А. есімді азамат және Алматы қаласының тұрғыны 27 жастағы  А. есімді азамат ұсталды.



«Екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.



ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38