Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

3 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырып, 6 адам қатерлі дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде 811 адам коронавирус инфекциясынан (–664+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 65 пациент стационарда, 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 10 843 214 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 605 513 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 613 445.