Өткен аптада ауасы ең көп ластанған қалалар тізімінде Алматы да бар

Өткен аптада ауасы ең көп ластанған қалалар тізімінде Алматы да бар
Сурет: Inform.kz

Бұл тізімнің көш басында Астана қаласы тұр.

«Қазгидромет» мекемесі өткен аптада ауасы ең көп ластанған қалаларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жолы рейтинг басында Астана қаласы тұр. 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында алынған ауа сынамалары осындай мәлімет көрсеткен.

Аталған аралықта қала аумағында ауадағы концентрациялардың шектен асуы 1318 рет тіркелген. «Қазгидромет» мамандары, әсіресе, Дулат Батайұлы көшесінің ауданында ауаның сапасы өте нашар екенін анықтап отыр.

Аталған кезеңде ауаның ластығы бойынша алғашқы үштікке Қарағанды мен Алматы қалалары кірді.

«Қарағанды қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 521 жағдайы тіркелді. Ауа ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы ("Пришахтинск" шағынауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Алматы қаласында ауадағы концентрациялардың рұқсат етіліген шектен асып кеткен 123 жағдайы тіркелді.

Астана қаласында шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1318 жағдайы тіркелді. Ауа Д.Бабатайұлы көшесі ауданында ластанған», - деп жазылған апталық анықтамада. 

Ал Шымкент пен Ақтөбе ауасы салыстырмалы түрде ең таза қалалар болып тіркелді. Өткен аптада бұл екі қалада ауадағы концентрациялардың шектен асуы мүлде тіркелмеген.