Өткен аптада 23 мыңнан астам алматылық ЖРВИ-мен науқастанып қалды

Өткен аптада 23 мыңнан астам алматылық ЖРВИ-мен науқастанып қалды
azh.kz

Қала бойынша 9698 адам жұмыс берушілер есебінен вакцинацияланса,  3651адам өз қаржысына вакцина салдырды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова тұрғындар арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жөнінде айтып, маңызды тақырыпты көтерді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның келтірген деректері бойынша, өткен аптада Алматы қаласында ЖРВИ, тұмау ауруларының 23 995 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші- 1121,81-і құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,5% пайызға (33470 жағдай) төмен. Бұл аурумен науқастанудың 65,7%-ы балаларды қамтиды. Сонымен қатар, бұл маусымда тұмау жұқтырудың 110 жағдайы тіркелді. 

 «Тұмаумен сырқаттанудың 110 жағдайы тіркелді, оның ішінде «В» түрімен - 109 жағдай және «А» түріммен (H3N2) -1 жағдай, барлық науқастар ем қабылдады, жағдайлары қанағаттанарлық», - деп атап өтті Ә.Қалықова. 

Спикер вакцинацияның халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймай, асқынулар мен өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектесетінін еске салды. 2022 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша тұмауға қарсы 223 349 адам егілді, оның ішінде 210 000 адам «қатер тобына» (100%) жатады. 

Сондай-ақ, ол жеке меншік медициналық орталықтарда өз қалтасынан төлеп, екпе алғысы келген басқа тұрғындарға және  әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушілер есебінен тұмауға қарсы екпе жүргізілуде. Тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті әкімшілік есебінен   осал топтағы тұрғындарды (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар) вакцинациялау жүргізіледі», - деді СЭБД басшысының орынбасары. 


ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуі кезеңінде спецификалық профилактикадан басқа Ә.Қалықова  қала тұрғындарына спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын сақтауды ұсынды:  
- ЖРВИ-мен науқастанған адамдардан аулақ болыңыз, ал егер байланыс сөзсіз болса, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз;
- ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;
- түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;
- иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;
- қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды азайту қажет, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды тазалау өткізіп, желдету керек;
- сырқаттанған балаларды ұйымдастырылған ұжымдарға, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу.