Отандасымыз еркін күрестен әлем чемпионы болды

Отандасымыз еркін күрестен әлем чемпионы болды
Сурет: Prosports.kz

Оның әкесі - 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстандық Камиль Куруглиев еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kazakhstan Wrestling сайтына сілтеме жасап.

17 жасқа дейінгі 92 келіге дейінгі чемпионат финалында Камиль венгр спортшысы Мұса Арсункаевпен кездесті. Қазақстандық палуан 11:00 есебімен жеңіске жетті.

Палуанның әкесі Магомед Куруглиев – 84 келіге дейінгі салмақта 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.