«Алматы ұстазы» байқауының жеңімпаздары Финляндияда тағылымдамадан өтеді

«Алматы ұстазы» байқауының жеңімпаздары Финляндияда тағылымдамадан өтеді
Сурет: Ult.kz

Бүгін «Алматы ұстазы» байқауына өтініш қабылдау басталды.

Өтініштер almatyustazy.kz порталында қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қалалық білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаеваның мәліметінше, байқаудың бес жеңімпазына Финляндияға барып тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды.

«Біздің мақсатымыз – 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу. Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі», - деді Л.Жылқыбаева.

Басқарма басшысы алматылық мұғалімдерді байқауға қатысуға емес, оқушыларға өз тәлімгерлерін белсенді қолдауға шақырды.