ОСК референдумнан үнемделген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

ОСК референдумнан үнемделген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Сурет: Aikyn.kz

Қаржы сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты кірісу есебінен үнемделген.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуге бұрын бөлінген 16,5 млрд теңгенің 1,6 млрд теңгесін республикалық бюджетке қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы хабарламада атап өтілгендей, қаржы мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты кірісу есебінен үнемделген.

Қазақстанда 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті.

7 маусымда референдумның қорытындысы жарияланды. Референдумның орталық комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық немесе 68,05% қатысты. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.

8 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.