Өсімдіктер де "айғайлап" дыбыс шығарады

Өсімдіктер де "айғайлап" дыбыс шығарады
Сурет: Islam.kz

Өсімдіктер әлемі - өте нәзік. Сондықтан болар олар да күйзейліске ұшырайды екен. 

Израилдік ғалымдар өсімдіктер стреске ұшырағанда дыбыс шығарады деп пайымдайды. Зерттеушілер олардың айқайы адамның күбірлеп сөйлескеніндегі дыбыс деңгейінде болады деп есептейді. 

Әдетте өсімдіктер әлемі жел соқпаса қозғалмайтындықтан жансыз, соған байланысты үнсіз әлем ретінде қабылданады.

Бұл жайында Almaty-akshamy.kz  Islam.kz порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Бұрын ғалымдар өсімдіктердің дыбыс шығара алатынын анықтаған. Ал Тел-Авив университетінің (Израил) ғалымдары одан ары тереңдеп, өсімдіктер шығаратын дыбыстар ауада айтарлықтай қашықтыққа - бір метрге дейін таралатынын және теориялық тұрғыдан өсімдіктердің экожүйедегі басқа организмдермен байланысуына мүмкіндік беретінін білді.

«Айқайдың» жиілігі адам құлағы ести алмайтындай жоғары, ал басқа жануарлар мен өсімдіктер оларды анық ести алады. Десе де өсімдіктердің дыбысты қалай шығаратынын, яғни, нақты тетігін ғалымдар әлі білмейді. Өсімдіктер ұзақ уақыт суғарылмағанда, бұтағын кескенде немесе жапырағын жұлғанда, т.б. жағдайларды стреске түсіп, «айқайлайды». Ғалымдар «айқайлаудың» бір жолы - өсімдіктің тамырлы тіндерінде ауа көпіршіктерінің пайда болуы және жарылуы, деп болжайды (бұл процесс кавитация деп аталады).