Орталық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанға дайындықты бастайды

Орталық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанға дайындықты бастайды
Сурет: Ашық дереккөзі

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онда мына мәселелер қаралады:

- 20 қарашаға тағайындалған президенттің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту;

- Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру;

- 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту.

Шара 22 қыркүйек сағат 11-ге белгіленген.