Алматыда полиция подполковнигі соққыға жығылды

Алматыда полиция подполковнигі соққыға жығылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған

Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицияда оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған.

Белгісіз адамдар Алматы қаласының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.

Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы»диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.