ОРРО-ның жаңа флагманы - Reno8 T Series смартфоны

ОРРО-ның жаңа флагманы - Reno8 T Series смартфоны
almaty-akshamy.kz

ОРРО компаниясының тұсаукесеріне Димаш Құдайберген және «Ұлытау» тобы қатысады

 2023 жылғы 22 наурызда Алматыда ОРРО компаниясы өзінің бренд-амбассадоры, дүниежүзіне танымал орындаушы Димаш Құдайберген қатысатын іс-шара ұйымдастырады. ОРРО компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы - смартфондар жөніндегі бас  маман Freedom Mobile болып табылады.

 Іс-шара нарыққа ОРРО-ның жаңа флагманы Reno8 T Series смартфонының шығуының құрметіне ұйымдастырылды. Сіз Freedom Mobile-дың Қазақстанның 31 қаласындағы кез келген 126 дүкенінің бірінен OPPO Reno8 T немесе OPPO Reno8 T 5G сериялы смартфондардың біреуінің иесі болуыңыз мүмкін. Сіздерге ыңғайлы болу үшін 24 айға бөліп төлеуді ресімдей аласыз.

 Іс-шара бағдарламасында жүлделер берілетін байқаулар қарастырылған. Мәселен, жүлделердің арасында  – ОРРО-ның белгілі қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен бірлескен еңбегінің нәтижесінде жасалған сәнді аксессуарлармен бірге гифтбокстар. Сондай-ақ фотоаймақтағы белсенділіктер, Димаштың жанкүйерлерінің нетворкингі және іс-шараның хэдлайнері - Ұлытау тобының өнер көрсетуі ұйымдастырылатын болады.

 Әрине, барша қонақтарды көктемнің шуақты Наурыз мейрамымен Димаш Құдайберген құттықтайды. Ивент соңында -  OPPO-ның Reno8 T Series смартфонын ілгерілету кампаниясының шеңберінде құрылған, Димаштың қатысуымен түсірілген минифильмнің тұсаукесері өтеді.