Орман алқаптарында болып жатқан өртке қатысты министр түсініктеме берді

Орман алқаптарында болып жатқан өртке қатысты министр түсініктеме берді
Сурет: ҚР ТЖМ

ТЖМ министрі Юрий Ильин орман өртінің алдын алатын ақылды жүйелер орнату қажет дейді. 

Бұл жаңашылдық бүгінде «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Юрий Ильин Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бүгінде әсіресе Абай облысындағы қызыл жалынды ауыздықтау оңай болмай тұр. От бірнеше мың гектарға жайылған. Салдарынан үш бірдей ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

«Абай облысында өрт болып жатқан аймаққа экология министрлігінің орман шаруашылығы комитеті жауапты. Алғашында қызыл жалынның аумағы үш гектар болса, артынша күрт өскен. Сондықтан біз арнайы шешім қабылдап, онда Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарымен қатар Астана мен Алматы қалаларынан қосымша күш құрылымдарын жібердік», - дейді ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.