Алматыда жаңа бағыт ашылады

Алматыда жаңа бағыт ашылады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі барысында түскен өтінішке орай 12 маусымнан  бастап Жас қанат шағын ауданын Райымбек  даңғылымен байланыстыратын  жаңа №9  бағыт іске қосылады.

Ол "Райымбек батыр" метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, одан соң Райымбек даңғылы - Сүйінбай көшесімен, әрі қарай Хмельницкий көшесінен  «Жас қанат» шағын ауданына дейін барады. Одан соң көлік  бағыт бойынша  кері қайтады.
Желіде 8 автобус 8 минуттық жиілікпен жүретін болады.