Алматыда 10-11 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 10-11 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
almaty-akshamy.kz

Алдағы демалыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматыда Алматы облысының жақын маңдағы ауданындағы (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) шаруа қожалықтарының және Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Онда 50-ден астам өнімі болады (сүт, жеміс-көкөніс өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.). Барлығы 300 тоннадан астам.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мына мекенжайда өтеді:

  1. Алмалы ауданы (Гоголь-Масанчи көшесі) – 118 сауда орны;
  2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» шағын ауданы) – 85 сауда орны;
  3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы) – 61 сауда орны;
  4. Медеу ауданы (Меңдіқұлова к-сі, Бектұров қиылысы) – 10 сауда орны, (Шевченко к-сі, Қонаев к-сі қиылысы) – 30 сауда орны.

Демалыс күндері жәрмеңкелер апта сайын өткізіледі. Жыл басынан бері 264 жәрмеңке өткізілді. Өнімнің өзіндік құны орташа қалалық деңгейден 15-20% төмен.