Өрт кезінде жоғалып кеткен 14 орманшы іздестіріліп жатыр

Өрт кезінде жоғалып кеткен 14 орманшы іздестіріліп жатыр
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Zakon.kz ақпаратына сәйкес, 9 маусым күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған.

Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды.

Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам және 48 техника, сондай-ақ қосымша 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды.