Елбасы «Самұрық-Қазына»  басқармасының төрағасын қабылдады

Елбасы «Самұрық-Қазына»  басқармасының төрағасын қабылдады
almaty-akshamy.kz

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.

Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакциналау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.