«Оператор РОП» құрылтайшысы құрықталды

«Оператор РОП» құрылтайшысы құрықталды
Сурет: Интерпол

«Оператор РОП» ЖШС құрылтайшысы БАӘ-де ұсталды. 

Антикордың алдын ала ақпараты бойынша, Шынар Оралғазықызы Мұхтарова  920 млн теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утиль алымының ақшалай қаражатын иемденіп алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты оған іздеу жарияланған болатын. 

Бүгін Ол Дубай қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта оны интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялауды жүзеге асыруда.