ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтатын болды

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтатын болды
сурет: Egemen.kz

Тақырыптық отырыс өтті

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс барысында маусым айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін қыркүйек айына тәулігіне 0.1 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.