«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамауға алынды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы қамауға алынды
Сурет: Turkystan.kz

Қайдар Қарақұлов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қайдар Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылған болатын.