Алматыда Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады

Алматыда Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады
Сурет: 24.kz.

Полиция мамандары көмек көрсетті.

Көліктегі полиция департаментінің көші-қон қызметінің өкілдері Алматы қаласының полиция департаментімен бірлесіп, Украина азаматына Алматы қаласының әуежайы арқылы ҚР Мемлекеттік шекарасынан өтуге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Украина азаматы өтініш білдірген кезде, Алматы әуежайының полиция бөлімінің қызметкерлері шекараны кесіп өту кезінде туындаған мәселені шешуде, тіпті фотограф қызметін ұсынуға дейін дереу көмек көрсеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта украиналық әйел, Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» заңына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына босқын мәртебесін беру туралы өтінішпен жүгінген.